Алматыда 10 желтоқсанға қараған түні бүкіл желтоқсан жауатын қардың жартысы түсті. 10 желтоқсандағы таңғы сағат 7:00-дегі дерек бойынша, қар қалыңдығы 35 сантиметрге жеткен. Қала халқы бұл қарды көп күтті. Нағыз қыс енді келгендей. Baribar.kz фототілшісі әдемі сәттерді фотоға іліп үлгерді.

«Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!»

Ақын Мұқағали Мақтайдың осы «Қар жауып тұр» деген өлеңі Алматының алғашқы қарын дәл сипаттап тұр. Көшелер бір-ақ түнде ертегіге айналып кетіпті.

қыс, ауа райы, қар
Фото: Ерқанат Аманкел
қыс, қар
Фото: Ерқанат Аманкел
қыс, қар, ауа райы
Фото: Ерқанат Аманкел
қыс, ауа райы, қар
Фото: Ерқанат Аманкел

Қар жауғанға бірінші қуанатын — балалар. Оқушылар мектептен қайтып бара жатып, бір-бірімен қар атысып жүр. Бір-бірін омбы қармен сылағанына мәз.

балалар, қыс, буллинг, ұрып-соғу
Фото: Ерқанат Аманкел
балалар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
балалар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
балалар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
балалар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел

Аяғына қалың етік, қолына қалың қолғап киіп алғанын қайтейін, басы жалаңбас. Оған мән беріп тұрған бала жоқ. Мына темірдің үстіне қарды нығыздап жатыр. Алғашқы қар бірікпейтінін қайтдан білсін?!

балалар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел

Ал екіншісі досының әрекетіне қарап мәз. Шіркін, айнала аппақ, қар деген қалың. Мұндайда қалай ғана асыр салмай, үйіңе кіріп кетерсің?! Бұл балалар үйге әзір асыға қоймас.

балалар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел

Ақ қар, көк мұзға қарамай, жаттығудан қалмайтын рухы мықты адамдар бар. Соның бірін канал бойынан кезіктіріп қалдық. Ата екі таяғын алып, өрге қарай жорғалап бара жатыр.

қарт, қария, ата
Фото: Ерқанат Аманкел
қарт, қария, ата
Фото: Ерқанат Аманкел

Аяз бен қарға қарамайтын тағы бір адам — сәнді киініп, жасанып жүретін адам. Сондай кісінің бірі қарсы алдымыздан өтіп бара жатты.

қыс
Фото: Ерқанат Аманкел

Қар жауса, коммунал қызметкерлерінің жұмысы көбейеді. Қалада жол аршып, қар күреп жүрген қызметкер көп.

қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел

Ал жұмыс күтпейді. «Бүгін алғашқы қар жауыпты, соның қызығына тояттап алсын» демейді. Болмаса «күн суық екен, бүгінше келмей-ақ қой» дейтін де ешкім жоқ. Қалай болғанда да, жұмысқа бару керек екен.

автобус, жолаушы, қоғамдық көлік
Фото: Ерқанат Аманкел
автобус, жолаушы, қоғамдық көлік
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел

Ақ ұлпа қар жауды екен, итті сыртқа серуендететін сәт туды.

қыс, қар
Фото: Ерқанат Аманкел
қыс, қар
Фото: Ерқанат Аманкел

Тамақ жеткізу қызметіне қысы-жазы тыным жоқ-ау.

тамақ жеткізу, мопед
Фото: Ерқанат Аманкел

Бүкіл желтоқсан жауатын қардың жартысы түскені рас сияқты. Қала сұлуланып кетіпті.

қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
"Қайрат" стадионы
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс, ауа райы
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс, ауа райы
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс, ауа райы
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
қар, қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
қыс
Фото: Ерқанат Аманкел
қыс
Фото: Ерқанат Аманкел