Басты бет / Жаңалықтар /
қыс, ауа райы, көлік, аяз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

9-11 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 9-11 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Елімізге қыстың алғашқы лебі келе жатыр.

Қазақстан халқы жылы күзден кейін қыстың алғашқы лебін сезеді.

9 желтоқсанда солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге суық ауа массаларымен ұштасқан солтүстік антициклон жылдам енеді. Бұл алдымен еліміздің солтүстік бөлігінде, кейін бүкіл Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауына және күн күрт сууына ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Түнгі уақытта термометр бағандары солтүстік өңірлерде минус 22–30 градусқа дейін, шығыста минус 27–35 градусқа дейін, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста минус 10–20 градусқа дейін төмендейді.

9-11 желтоқсандағы әр өңірдегі күн райын мына жерден оқыңыз.

Мақала туралы ойыңыз?