Астанада Cinema City кинотеатры өртенді

Не болды?

Астанада 8 желтоқсанда таңертең қараусыз қалған Cinema City кинотеатры өртенді. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.

Мәлімет

Елорданың өрт сөндірушілері Байқоңыр ауданындағы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонның өртін сөндіріп жатыр, — делінген ТЖМ хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қазір өрт оқшауланды.

Анықтама

Cinema City ойын-сауық орталығы 1999 жылы ашылған. Шамамен 10 жыл жұмыс істеп, сол уақыт ішінде Астанадағы ең танымал демалыс орындарының бірі болған.

Естеріңізге салайық, 8 қарашада Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылында екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 12 адам мерт болған еді. 3 желтоқсан күні өрттен аман қалған екі адам арнайы орталықтан шықты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да