Алматыда ойнап жүрген баланы тепкен ер адам қамалды

Алматыда ойнап жүрген баланы тепкен ер адам қамалды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлап отыр.

Әлеуметтік желіде ер адамның тұрғын үй кешені ауласында балаға қол көтерген видеосы кең тарап жатыр. Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, – делінген хабарламада.

Күдікті ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл жағдайға қатысты бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірді. Ол жергілікті уәкіл жағдайды бақылауға алғанын жазды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да