Хиллари Клинтон саясатқа қайтып оралды

Мұндай мәлімдемені Клинтон дүйсенбі күні Twitter-дегі парақшасында жариялады. Оның жаңа ұйымы Onward Together (Бірге тек алға) деп аталады.

«Onward Together ұйымын адамдарды жігерленіп, саяси үрдістерге қатысуына жағдай жасау мақсатында, сайлауда өз үміткерлігін ұсынулары үшін іске қосып жатырмыз», — деп жазды Клинтон.

Onward Together ресми сайтында оның мақсаты — сайлауда Клинтонға дауыс беріп, қолдау көрсеткен 66 млн адамның идеясын алға тарту, сондай-ақ жалпы «үдемелі құндылықтарды» қолдау екендігі жазылған.

Бұрынғы мемлекет хатшысының сайлау науқаны Stronger Together ұранымен өткен болатын.

Fox News телеарнасының бағалауынша, жаңа ұйымды құру дегеніміз «Клинтонның ресми түрде саясатқа оралуын» білдіреді.

ДереккөзInform.kz