Бірқатар өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы бірқатар тасжолдың қазіргі жағдайы туралы ақпарат таратты.

Компания мәліметінше, 2025 жылғы 22 қараша сағат 00:30-да Павлодар облысында көлік айрығы қондырмасының шеткі арқалықтары зақымданған. Соған байланысты «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының Қалқаман ауылы бағыты мен Астанаға шығатын тұсында барлық көлік түріне уақытша шектеу енгізілді.

Айналма жол ретінде:

  • Қалқаманнан Астанаға қозғалыс – Береке «Қалқаман — Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзындығы 6 шақырым);

  • Павлодардан Қалқаманға қозғалыс – «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Ал Қалқаманнан Павлодарға және Астанадан Қалқаманға бағытталған жол бөліктері ашық.

Солтүстік Қазақстан облысында да жол қозғалысы шектелді. Мұнда жүргізіліп жатқан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына толассыз жауын-шашын және ауыр жүк көліктерінің көп жүруі себеп болған. Соның салдарынан KZ15-08 «Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0–30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) жол бір бөлігі опырылып түскен.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да