Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифиңде Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы айтты.
Қазір ауданда 86,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Ол жұмыс Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, «14-территория», Ақбулак, Алғабас, Зерделі, «АЗТМ», Боралдай, Байбесік, Шапағат, Өжет, «Птицевод», Қарасу, Саялы-1, Саялы-2, Көкқайнар, Самғау, Төлебай сияқты 18 шағынауданды қамтыған. Жөндеу жұмысы тамыз айында басталып, 172 көшені қамтыды, — деді аудан әкімі.
Әкімдіктің мәліметінше, ауданда Боралдай және Рахат–Мәдениет шағынаудандарында Алматы қалалық мобильділік басқармасының тапсырысымен жаңа жол да салып жатыр. Тағы 45 көшеде шұңқырлар бітеліп, тегістеліп, 50 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылды.
