Не болды?
Қазақстанда кальянға қойылған шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Алайда вейпке тыйым сол күйінде қалады. Бұл туралы вице-министр Санжар Әділов мәлімдеп отыр.
Мәлімет
Вице-министр Санжар Әділовтің айтуынша, бұл мәселені ІІМ мен әкімшілік полиция комитетінің қатысуымен құрылған жұмыс топтары қарастырып жатыр.
Талқылау жүріп жатыр. Жұмыс жалғасып жатыр. Нәтижесі бойынша шешім қабылданып, ең ықтимал нұсқа – қоғамдық тыңдау өткізіледі, — деді Санжар Әділов.
Кальянға қатысты қарастырып жатқан жеңілдіктер:
- жабдықтарды әкелуге рұқсат беру;
- қоғамдық орындарда кальян қолдануға рұқсат ету;
- рұқсат етілген заттар мен пайдалану шарттарын анықтау;
- пайдалану уақыты мен орнына қатысты ережелер белгілеу.
Ал вейпке салынған тыйым өз күшінде қалады.
