Енді «Астана – Жезқазған» тальгосы Қызылордаға да барады

Не болды?

2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго №65/66 «Астана – Жезқазған» пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады. Бұл туралы Rail-news.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. «Астана – Қызылорда» пойызы күнара қатынайды. Бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады. Мүгедектігі бар жандар үшін 50% жеңілдік пен арнайы орындар қарастырылған.

Бағыттың ұзаруының арқасында бұл жолаушыға қарапайым пойыздан 7 сағат тезірек жетуге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір жеңілдетеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы–Ташкент» тальго пойызы енді күн сайын қатынайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да