«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ел аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы мәлімет таратты.
2025 жылғы 13 қараша сағат 08:00-ден бастап бірқатар облыста жылдамдыққа қатысты енгізілген уақытша шектеулер алынды.
Ақмола облысында:
-
«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30–92 шақырым аралығында (Жібек Жолы ақы алу пунктінен — Қарағанды облысының шекарасына дейін) жылдамдық 80 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін ұлғайтылды.
Қарағанды облысында:
-
Сол бағыттағы 92–164 шақырым (Ақмола облысының шекарасынан — Теміртау ақы алу пунктіне дейін) аралығында жылдамдық 60 шақ/сағ-тан 110 шақ/сағ-қа дейін арттырылды.
Сонымен қатар 7 қарашадан бастап Ақмола облысында «Астана — Көкшетау — Петропавл — Ресей шекарасы» автожолының 19–231 шақырымында (Астана — Щучинск бағыты) жылдамдық 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілген күйінде қалады.
13 қараша күні Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жаууы күтіледі. Жүргізушілерге жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.
