Елімізде алдағы күндері 20 градус аяз болады

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.

13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда бұрқасын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Солтүстікте түнде –5…–12°С, күндіз –0…–6°С, солтүстік-батыста түнде –2…–10°С, күндіз –0…–5°С, орталықта түнде –3…–13°С, күндіз –6…+3°С, шығыста түнде –8…–20°С, күндіз –0…–10°С болады.

Елдің қалған аумақтарында температурада елеулі өзгерістер бола қоймайды.