Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабиясының қажылық және ұмра министрі Тауфиқ ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесті.
Бұл туралы ҚМДБ ресми сайты хабарлап отыр
Кездесу барысында Қазақстанға 2026 жылғы қажылық маусымына 4000 орын бөлінгені белгілі болды.
Тараптар алдағы үлкен қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Кездесуде қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет сапасын арттыру, орналастыру және көлік жүйесін жетілдіру, сонымен қатар ақпараттық және медициналық қызмет көрсетуді тиімді үйлестірудің маңыздылығына назар аударылды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстан мен Сауд Арабиясы заңсыз жолмен қажылық ұйымдастыруға тырысатын фирмалардың қызметіне тосқауыл қою және бұл бағыттағы ақпарат алмасуды күшейтуге уағдаласты.
Қазақстан азаматтарын 2026 жылы қажылық сапарға отандық AirAstana мен Scat, саудиялық Flyadeal және кувейттік Jazeera әуе компаниялары тасымалдайды
