«ҚазАвтоЖол» 9 облыстың жүргізушілеріне үндеу жасады

Бүгін кешке Қазақстанның бірқатар аймағында қар аралас жаңбыр жауып, қар түседі. «ҚазАвтоЖол» жолаушыларға ескерту жасады.

3 қараша күні кешке Абай, Ақмола, Алматы, СҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, ШҚО және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.  Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске саламыз.