Алдағы күндері болжанған жауын-шашын мен көктайғаққа байланысты Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысты.
Бұл туралы Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы хабарлап отыр.
«Қазгидромет» дерегінше, 4 қараша күні сағат 3:00-тен 20:00-ге дейін 5–6 мм көлемінде жаңбыр жауады. 5 қарашада жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіліп, көктайғақ болады.
Қаланың негізгі көшелерінде алдын ала сұйық реагенттер себіліп жатыр. Тазалау жұмыстарына 580 техника мен 2,5 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Сонымен қатар, көше-жол желісін бақылауға 75 патрульдік бригада шықты. Құтқару қызметі де күшейтілген режимде жұмыс істеп жытыр. Аудан әкімдіктерінде тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған.
Билік тұрғындардан сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрады:
-
көлік жылдамдығын азайту;
-
қысқы дөңгелектерге ауысу;
-
көктайғақ кезінде жеке көлікпен жүрмеу;
-
жүргіншілерге таймайтын аяқ киім кию және абай болу ұсынылды.
