Қазақстанда Жапонияның Hino көліктері құрастырылады

“2016 жылы ресми автокөлік саудасы бір жыл бұрынғы көрсеткіштен екі есеге дейін азайып кетті. Нәтижесінде көптеген кәсіпкерлер осы саладағы бизнестерін тоқтатуға мәжбүр болған. Біз сол кезде халықтың сатып алу қабілетінің төмендегінен кейін өзімізді болашақта нарықтың қайта қалпына келетін уақытына дайындау стратегиясын қолға алдық. Осы мақсатта жапонның Toyota Tsusho Corporation компаниясымен бірлесіп жаңа бренд Hino-ны алып келетін болып шештік”, – дейді кәсіпкер.

Коммерциялық техника шығаратын бұл брендтің Қазақстанда болашағы зор екеніне сенім білдіреді Фаррух Махмудов.

Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта Hino көліктері Қазақстан аумағында құрастырылатын болады.

“Автодом” компаниясы жапондармен бірлескен бұл кәсіпорынға шамамен 1 млрд теңге салмақ.

Махмудовтың пікірінше, Hino жүк көліктері өзге бәсекелестерінен 10-15 пайыз арзан тұрады.

ДереккөзNaryk.kz