Луврды тонаған күдіктілер қылмысын мойындады

Не болды?

Лувр мұражайынан зергерлік бұйымдар ұрлады деген екі күдікті ұсталды. Олар өздерінің қылмысқа қатысы бар екенін мойындады, қазір қамауда отыр. Бұл туралы 29 қазанда Париж прокуратурасына сүйеніп, CNN хабарлады.

Мәлімет

Естеріңізге салайық, 19 қазанда қылмыскерлер жеті минут ішінде Аполлон Лувр галереясынан ондаған миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Зергерлік бұйымдар әлі табылмады. Екі адам 25 қазанда кешке ұсталды. 96 сағат бойы қамауда болды. Әзірге тағы екі күдікті іздестіріліп жатыр.

Бірінші күдікті – Алжирдің 34 жастағы азаматы, бұрын жол қозғалысы бойынша ереже бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Ол мотороллердің бірінен табылған ДНҚ іздері арқылы анықталды.

Екінші күдікті – 39 жастағы заңсыз такси жүргізуші. Париж маңында, Обервиллерде дүниеге келген. Ол бұған дейін де ұрлық жасаған. Прокуратураның хабарлауынша, оның ДНҚ-сы витриналардың бірі бұзылған кезде сынған әйнектің сынықтарынан табылған.

Төрт қылмыскердің мұражай ішінен көмек алғаны туралы ақпарат жоқ. Бұл қылмыс үшін олар 15 жылға бас бостандығынан айырылып, үлкен айыппұлмен жазаланады, — деді Париж прокуроры Лаура Бекко.

Ұрланған зергерлік бұйымдардың арасында Наполеонның екінші әйеліне сыйға тартқан, мыңнан астам гауһар таспен безендірілген зүбәржат алқа да бар.

Наполеонның екінші әйеліне сыйға тартқан зүбәржат алқа
Фото: Жин Гиллез Берици

Ұрланған зергерлік бұйымдардың құны шамамен 88 миллион еуро деп ($102 миллион) бағаланып отыр. 

Контекст

Естеріңізге салайық, Telegram қолданбасының негізін қалаған Павел Дуров мұражайдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алып, Әбу-Дабидегі Луврға сылайтынын айтқан еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да