Не болды?
Тәжікстанда «Әскери қызмет туралы» заңға өзгеріс енді. Бұдан былай жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері міндетті әскери қызметтен босатылады. Бұл жөнінде Азия-Плюс хабарлап отыр.
Мәлімет
Бұрын мұндай жеңілдік ауылда тұратын мұғалімдерде ғана болатын. Түзетулерді парламенттің төменгі палатасы мақұлдады. Енді оны парламенттің жоғары палатасы мақұлдап, президент қол қоюы керек.
Білім министрлігінің айтуынша, вице-министр Хомид Хошимзода түзетулерді 15 қазан күнгі парламент отырысында таныстырған. Оның өзіне қарағанда, жаңа ереже елде педагог мәртебесін көтеріп, мектептегі мұғалім тапшылығын жоюға бағытталған.
Тәжікстан білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, мұғалім — тапшылығы елдегі ең өзекті мәселенің бірі.
Контекст
Естеріңізге салайық, біздің елімізде әскерге баратындарға мынадай көмек беріледі.
