Қазақстандағы отбасы институты: жаңа зерттеу нәтижесі не көрсетті?

Қазақстандағы қоғамдық даму институты еліміздегі отбасылардың құндылықтар жүйесін кешенді түрде талдап шықты. 2025 жылы «Қазақстандағы отбасы институтының проблемаларын зерделеу бойынша кешенді баяндама: қазіргі жағдайы және халықаралық тәжірибе» деген баяндама жарық көрді. Материал 76 беттен тұрады. Baribar.kz баяндаманы қысқаша шолып шықты.

Отбасы – әлі де бас құндылық

Зерттеу нәтижесінде халықтың басым бөлігі (90%-дан астамы) отбасыны өмірдегі бас құндылық деп білетіні анықталды. Қиындық пен экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, отбасы ұғымы қоғамда махаббат, сенім және өзара түсіністік символы күйінде қалып отыр.

Бас проблема – уақыт тапшылығы

Халықтың 55%­-ы бала тәрбиесіне уақыт жетіспейтінін айтқан. Бұған жұмысбастылық пен жұмыс кестесінің қауырт екені кінәлі. Әсіресе, толық емес және көпбалалы отбасыларда бұл мәселе айқын сезіледі. Сарапшылар мұны жұмыспен қамтудың икемді форматтарының (remote, part-time, flexible schedule) кең таралмауынан деп отыр.

отбасы, құндылық
Қазақстандағы қоғамдық даму институты баяндамасының скрині

Әкенің рөлі мен гендер теңдігі

Зерттеу қазіргі отбасы институтында әке рөлін күшейту мен үйдегі міндеттің әділ бөлінуі мәселесін де қарастырады. Сарапшылардың пікірінше, бала тәрбиесіне әкенің белсенді араласуы – қазіргі қоғамдағы маңызды мәдени өзгеріс.

Қандай ұсыныс жасалды?

Зерттеушілер Қазақстандағы отбасы институты проблемаларын зерттей келе, еліміздің мәдениет және ақпарат, оқу-ағарту, экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Дденсаулық сақтау министрліктеріне әне жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс жасады.

қоғамдық даму институты баяндамасы
Қазақстандағы қоғамдық даму институтының баяндамасының скрині

Зерттеу қорытындысы елімізде отбасы саясатын жаңғырту, ата-аналарды жүйелі қолдау, икемді еңбек форматын кеңейту және эмпатия мәдениетін күшейту керек екенін көрсетті.