Алматыда «Қалқаман» станциясы қашан ашылады?

Не болды?

Алматыда «Қалқаман» станциясының құрылысы аяқталуға жақын. Объектіні 2026 жылдың алғашқы жартысына пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы BCN Group (Bazis Construction) компаниясының басқарушы директоры және жобаның жетекшісі Мұрат Үкшебаев мәлімдеп отыр.

Мәлімет

2025 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша ұзындығы 1 591 метр сол жақ тоннельде рельстерді төсеу аяқталып жатыр. Ал оң жақ тоннельде әлі дайындалмаған 480 метр жер қалды. Жер дайын болғаннан кейін ол жерде де рельс төсеу басталады. Бұл тоннельдер жұмыс істеп тұрған «Бауыржан Момышұлы» станциясын салынып жатқан «Қалқаман» станциясымен байланыстырады, – деді Мұрат Үкшебаев.

Норматив бойынша станция мен екі тоннельдің құрылысы 36 ай ішінде аяқталуға тиіс. Алайда BCN Group компаниясы бұл жұмысты 29 айда бітіруді көздеп отыр.

Қазіргі уақытта нысанда 400-ден астам тәжірибелі маман үш ауысыммен еңбек етіп жатыр: 124 адам жерастында, 293 адам ашық алаңдарда. Жарақтандыру мен тәулік бойы жұмыс істеу тәртібі жобаны белгіленген мерзімде аяқтауға мүмкіндік береді.

Контекст

Қыркүйектің басында Алматы әкімі метро құрылысын уақытында аяқтауды тапсырған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да