2026 жылы Алматы метросында турникеттер жаңарады

Алматы метросының бекеттерінде турникеттер жаңарып, жаңа электропойыздар алынады. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Метрополитен әкімшілігі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қажет шараларды қабылдап жатқанын хабарлап отыр.

Мекеменің мәліметінше, 2024 жылғы маусым айында метрополитенде бет пішіні арқылы төлем жасау жүйесі — FacePay жобасы іске қосылды. Ал 2026 жылдың бірінші тоқсанында барлық станцияда турникеттерді жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмыстар аясында турникеттер банк карталары, Apple Pay, Google Pay және Samsung Pay арқылы төлем қабылдай алатын жанаспайтын төлем жүйесімен жабдықталады. Модернизацияның негізгі мақсаты — турникеттердің барлық төлем түрін қабылдауын қамтамасыз ету, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар қарбалас уақытта пойыздардың жиілігін арттыру үшін жаңа 10 электропойыз сатып алу жоспарланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да