Димаш Алматы сахнасында жаңа әнін шырқады

Не болды?

14 қазан күні Димаш Құдайберген Almaty Open ATP 250 турнирінде көрерменге жаңа әнін шырқады.

Мәлімет

Димаш Құдайберген Almaty Arena-да Франция, АҚШ, Түркия және Қазақстан авторларының әндерін орындап, композитор ретінде «Самғау» дегені жаңа туындысын шырқады.

«Самғау»  – аспанға самғаған қыранның өз халқы мен жалпы әлемге деген шексіз махаббатын бейнелейтін символдық арнау. Ән алғаш рет 5 қазанда Madison Square Garden сахнасында өткен Димаштың жеке концертінде, кейін Мексикадағы Stranger шоуында орындалған.

Бұл жарыс өз елімізде өтіп жатқан соң, оған біздің спортшылар қатысып, Қазақстанның беделін көтеріп жүргендіктен, барынша қарап, қолдауға тырысамын. Әрине, өзімді теннистің берілген жанкүйерімін дей алмаймын, бірақ үнемі болмаса да, тамашалауға уақыт табамын, – деді Димаш жүргізушілерге берген сұхбатында.

Ақпарат

Almaty Open ATP 250 – халықаралық деңгейдегі ірі теннис турнирі және әйгілі әртістер қатысатын ерекше мәдени іс-шара.