Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің кезекті марапатын аты аңызға айналған опера әншісі, КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арнады.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы ресми аккаунтында мәлімдеп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауыңызға көп рақмет айтқым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, — деп жазды әнші.
Айта кетейік, 28 қарашада Димаш Құдайберген Дубайда (БАӘ) DIAFA сыйлығын алды.