Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Мемлекет басшысының өкімімен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасы президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алексей Цой – дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, 2020-2021 жылдары денсаулық сақтау министрі болған.
