Не болды?
Жамбыл облысында жұмыссыз мұғалім дәлізге «тұз шашу рәсімін» жасаған. Мұғалімге айыппұл салынды. Бұл туралы Жамбыл облыстық соты хабарлап отыр.
Мәлімет
Жуалы аудандық соты жұмыссыз мұғалімді әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы, 1-бөлігі (Қоғамдық орындарды ластау) бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Облыстық соттың баспасөз қызметі әйел бұл әрекетті жұмыс табу үшін ырым қылып жасағанын хабарлап отыр.
Сотта әйел кінәсін мойындаған. Мұндай құқықбұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған.
Сот айыппұл салу туралы шешім қабылдап, оның мөлшерін 30% қысқартты. Нәтижесінде, әйел жасаған «рәсімі» үшін мемлекетке 27 мың теңге төлеуі тиіс.
