2025 жылғы вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 58,3 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.
Судың заңсыз нарығына қарсы күрес аясында 2025 жылғы вегетация кезеңінде бассейн инспекциялары су заңнамасын бұзғандарға 310 айыппұл хаттамасы толтырылды. Олардың жалпы сомасы 58,3 миллион теңге болды.
Бас прокуратураның, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен министрлік республика деңгейінде судың заңсыз нарығына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз су алу фактілеріне қарсы күресті жалғастыру алгоритмі әзірленіп жатыр, – деді бірінші вице-министр Нұрлан Алдамжаров.
Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр суару маусымында су заңнамасын бұзғандарға 15,8 миллион теңге көлемінде 188 айыппұл салынған болатын.
