Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматының 2 ауданында суық су уақытша тоқтатылады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Алматы Су» компаниясы инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстарына байланысты Наурызбай және Бостандық аудандарында суық су беруді уақытша тоқтататынын хабарлап отыр.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 13 қазан сағат 22:00-ден 14 қазан сағат 08:00-ге дейін суық су төмендегі аумақтарда болмайды:

  • Наурызбай ауданы – Рахат және Құрамыс шағынаудандары (шығыс бөлігі);

  • Бостандық ауданы – Мирас шағынауданы, Presidents Park тұрғын үй кешені, Private Hospital және Алматы Жайлау гольф клубы.

Ал 14 қазан сағат 22:00-ден 15 қазан сағат 08:00-ге дейін инженерлік желілерді ауыстырудың келесі кезеңінде суық су келесі мекенжайларда уақытша өшіріледі:

  • Наурызбай ауданы – Рахат және Құрамыс шағынаудандары (шығыс бөлігі);

  • Бостандық ауданы – «Солнечная долина», Miras Park, «Долина Роз», «Таң Нұры» тұрғын үй кешендері және Мирас шағынауданы.

Коммуналдық кәсіпорын тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жоспарлы техникалық жұмыстарға түсіністікпен қарауды өтінді.

Мақалаға реакция