Алматының экология және қоршаған орта басқармасы Баум тоғайындағы ағаштарға қатысты әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпаратты жоққа шығарды.
Ведомствоның мәліметінше, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағына қарасты Баум тоғайында 104 429 ағаш және 5 081 бұта бар. Барлығы мемлекеттік орман қоры санатына жатады және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіреді.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу қорытындысы бойынша:
- сау ағаштар – 55%;
- әлсіреген – 23%;
- өсімі тежелген – 12%;
- қурау бастаған – 8%;
- қурап біткен және апатты жағдайдағы ағаштар – әрқайсысы 1%.
Осылайша, апатты және қураған ағаштардың үлесі бар болғаны 9% болды. Бұл БАҚ-та бұған дейін тараған «48% ағаш кесіледі» деген ақпаратты жоққа шығарады.
2026 жылы тоғайды абаттандыру аясында мыңнан астам жаңа ағаш егу жоспарланған.
