Алматының Медеу ауданында 14 шақырым көше көгалдандырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Алматының Медеу ауданында көшелер мен даңғылдарды көгалдандыру жалғасып жатыр. Мысалы, әл-Фараби даңғылында (Қаппаров көшесінен Назарбаев даңғылына дейін), сонымен қатар Қажымұқан, Сәтбаев, Абай, Құрманғазы, Шевченко, Қабанбай батыр және Қалдаяқов көшелерінде көріктендіру жұмыстары аяқталды.
Медеу ауданы әкімдігінің мәліметінше, жаңа гүлзарлар, суару жүйелері аймақтарды жасыл бульварға айналдырды.
Көгалдандыру бағдарламасының аясында 71,5 мың шаршы аумақ, ұзындығы 14 шақырым болатын 13 көше көркейтілді. Бүгінде Достық даңғылында, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Төле би, Қазыбек би көшелері мен Құлжа тас жолында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы, буферлік аймақтарға баса назар аударылады: Назарбаев және Достық даңғылдарында бұталар мен гүлдер отырғызылады, іргелес аумақтар абаттандырылады, — делінген хаарламада.
