«Қайрат» пен «Реал» ойыны: туристердің басым легі қай елден келді?

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26–29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді.

Бұл туралы туризм басқармасы e-Qonaq жүйесінің деректеріне сүйеніп хабарлап отыр.

Қазақстанның басқа өңірлерінен келген жанкүйерлерді қосқанда, жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті.

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия және ТМД елдерінен келген.

Mastercard мәліметінше, Алматыға келген шетелдік турист орта есеппен 1 500 АҚШ долларын жұмсайды. Оған қонақүй, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда шығындары кіреді. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қаржы шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.

Айта кетейік, алматылық «Қайраттың» қарсыласы – мадридтік «Реалдың» футболшылары Алматыға келді. Олардың сапары футбол жанкүйерлері үшін үлкен оқиға болды: әуежайда аты аңызға айналған ойыншыларды өз көзімен көруге асыққан жанкүйер мен журналистің қарасы қалың.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да