Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасының ойыншылары – «Реал Мадрид» клубының футбошыларын қарсы алды.
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның «Реал Мадрид» клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтар қазақы қонақжайлық пен ыстық ықыласқа бөленді. Қазақстан тарапы УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында шертіп, ерекше әсер қалдырды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 26 тамызда «Қайрат» сенсациялық түрде «Селтикті» жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
