Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жұмыс беруші қызметкер туралы мәліметті 75 жыл сақтауға міндетті

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Аmanat партиясының депутаты Вера Ким үкіметтен ұйымдарды құжаттарды архивке міндетті түрде тапсыруға қатысты нақты шаралар қабылдауды сұрады.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары жыл сайын мемлекеттік архивке 300 мыңға жуық сұраныс береді, бірақ олардың 36%-ы қажет деректердің болмауына байланысты жауапсыз қалады.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов ұйымдар қызметкерлер туралы құжаттарды 75 жыл сақтауға міндетті екенін және сақтамаған жағдайда айыппұл не қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын айтты.

Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин еңбек өтілі архивтен табылмаған жағдайда азаматтар сотқа жүгінуге тиіс екенін түсіндірді. 1 қазаннан бастап «Е-Макет» жүйесі арқылы архивке автоматты сұраныс жолданатыны белгілі болды.