Басты бетЖаңалықтарҮкімет шетелден...

Үкімет шетелден келетін ескі көліктерге салық салды

Өйткені мінілген көліктер үшін салынатын салық 300 мыңнан бастап 2 миллион теңгеге жетеді.  Мәселен, егер сіз көлемі 2 литр болатын жеңіл машинаны өзге мемлекеттен айдап әкелсеңіз, қосымша 700 мың теңге төлеуіңіз тиіс. Ал жүк машинасының салығы оның салмағына қарай есептелмек. Егер салмағы 20 тоннадан асса салық 2 миллион теңгеден асады.

Бір қызығы, елімізде утилизация жасайтын бірде бір кәсіпорын жоқ. Автомобилистер одағы бұл ретте көне көлікті бөлшектеп шашып тастап металға айналдырғаннан ештеңе өзгермейтінін айтады. Олардың ойынша, Энергетика министрлігінің ескі темір-тұлпарларға шүйлігуі бекер емес. Бар ойы импортты азайтып, отандық автомобиль алпауыттарының саудасын қыздыру.

Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы:

-Менің ойымша, бұл экологияны ойлау емес, машина зауыттарының сойылын соғу. Яғни, таза лобби. Бұл онсызда жинағы күйіп кетіп, жаңадан көлік алғысы келетіндерді ашықтан ашық тонау деп түсінемін.

ДереккөзКТК