Ақтаудың жүргіншілер жолы Гиннестің Рекордтар кітабына енуі мүмкін

Ақтаудың жаңадан салынған жүргіншілер жолы Гиннестің Рекордтар кітабына енуі мүмкін. Өйткені, су жаңа веложолдың ашылғаны күні  кеше ғана еді. Бірақ, арада тіпті, 24 сағат өтпей,  әлгі жол бүгін қақ ортасынан опырылып түскен.  Алайда, бюджеттен бөлінген сіз бен біздің 45 миллион теңгемізге салынған жарамсыз жолды қалпына келтіруге асығып отырған ешкім байқалмайды. Өйткені, сапасыз жол үшін қатаң жазаға тартылатын заң ол басқа елдерде. Ал, біздегі компаниялар  бір жұмысты екі рет істеуге әдеттеніп алған сияқты.

Халық көптен күткен веложол күні кеше қолданысқа берілген болатын. Өкінішке қарай, бүгінгі көрінісі мынадай. Анау-мынау емес, 45 миллионтеңгеге салынған веложол бір күннен кейін опырылып түсті. Үлкен ойықтар пайдаболып, жаяу жүргіншілерге кедергі келтіруде. Ал, жауапты мекеме жолдың жыртығынжамауға асығар емес.

Оқиға орнында мына отырған екі қызметкерден басқа жанталасып жол жөндеп жатқан адам болмады. Веложол опырылған күйі әлі тұр. Тұрғындар қазір екі ойлы. Бірі сапасыз жолдан жапа шегеміз деп алаңдаса, кейбіреулері ауаға ұшқан миллиондарды ойлап, жауапты мекемені сынға алды.

Өңірдегі «Минианк» серіктестігі өткен жылы велосипедшілер жолының жанынан техникалық және ауыз су құбырын  тартқан. Кеше  құбырдан ақау шығып, су далаға ағылды дейді, жауапты мекеме басшысы. Топыраққа су тез сіңіп, кесіріненвеложол төмен түсіп кеткен екен.

Дереккөз31.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматыда мектеп оқушыларымен кездесті

Президент Алматының Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығына барды.

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Елена Рыбакина әлемдік рейтиңнің үздік үштігіне енді

«Ролан Гаррос» жарысын сәтті бастаған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтиңінде жоғарылады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Министрлікке қарасты мекеменің басшылары сотталды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі шығарылды.

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

3 маусымда Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің Omir жаңа музыкалық бейнебаяны көрсетілді. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.