Адам қанын алмастыратын препарат ойлап табылды

Препарат кез келген қан тобын алмастыра алады. ПАМ-3 полегемоглабинін сақтау үшін ерекше жағдай жасау қажет емес. Оны әртүрлі жарақаттарды, ауруларды, тіпті сәуле ауруларын да емдеу барысында қолдануға болады. Препарат Менделеев атындағы химия-технология университетінің мамандары Ресейдің Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша әзірлеуде.

Ғалымдар қан алмастырушы затпен қоса арнайы оптикалық тасымалдаушы әзірлеуде. «Мәңгілік» флешка деп аталатын құралды оптикалық жад деуг де болады. Мұндай жадқа тез жазба жазылып, деректер де тез сақталады. Тасымалдаушы сыртқы әсерлерге, мысалы жоғары температураға (800 градусқа дейін) немесе радиацияға төзімді.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта қан алмастыратын препарат пен «мәңгілік» флешка Ресейдің әскері үшін ғана емес, жалпы қолданысқа шығарылуы мүмкін.

 

ДереккөзBaq.kz