Instagram-ға ресми сайты арқылы сурет жүктеуге болады

Енді instagram.com сайтының мобиль нұсқасында суретке түсіріп, суреттің өзін немесе бірнеше суретті жариялауға болады. Алайда қолданушыға фильтрлер және кеңейтілген өңдеу функциялары әлі де мүмкін болмай отыр — әзірше тек суретті айналдыру және оның форматын таңдау мүмкіндігі бар. Видеоны да тек қосымша арқылы жүктей аласыз.

Instagram сыртқы түрі өзгеріссіз қалды: лентаны парақтауға болады, ескертпелерді және қолданушылардың профилін көруге болады. Сайтта «Оқиға тізбегі» және жеке хабарламалар бөлімі жоқ.

Компания жаңарған веб-нұсқаны 2017 жылдың наурызынан бері сынап келеді екен.  Instagram өкілдері басылымға берген сұхбатында сайттың жаңа нұсқасы қолданушылардың барлық құрылғыдан сурет көруі үшін жасалғанын айтып берді. Сонымен қатар, интернет жылдамдығы баяу елдерде дүкеннен қосымшаны жүктей алмайтындар үшін де қолайлы екені айтылады.

ДереккөзTengrinews