Instagram желісі енді интернетсіз де істей береді

F8 конференциясында Instagram компаниясының өкілдері алдағы уақытта желі қолданушыларының Интернетке қосылмай-ақ пікір жазып, лайк басуына, фотоны сақтауына мүмкіндік туындайтынын мәлімдеді. Бұл функциялардың барлығы да қосымшада сақталып, пайдаланушы Интернетке қосылған кезде іске асатын болады.

Аталған функция әзірше тек Android қолданушыларына ғана қолжетімді болып отыр, алайда таяу арада iOS қолданушылары да бұған қол жеткізетін болады деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда әлемде 600 млн адам Instagram әлеуметтік желісін қолданады.

ДереккөзInform.kz