9 мамырға арналған ауа райы болжамы

Елдің оңтүстігінде жел шаңды дауылмен бірге ұйытқиды.

Солтүстікте түнгі және таңғы уақыттарда  тұман күтіледі. Атап айтқанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болады.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, таңертең және күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20  м/с күшейеді.

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында жел 15-22 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде найзағай күтіледі.

ДереккөзInform.kz