6 мамырға арналған ауа райы болжамы

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында секундына 15-25 метрге дейін жел күшейеді.

Ақмола, облысында да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді деген болжам бар.

Күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарында тұман түсіп, жел секундына 15-20 метрге дейін болады.

Астанада күн алабұлтты, күндіз жауын жауады.

Оңтүстік батыстан 9-14 метр/секунд жылдамдықпен соққан жел солтүстік батысқа қарай ойысады.

Алматыда күн алабұлтты, артынан өткінші жаңбыр жауып, жел тұрады.

ДереккөзBaq.kz