Басты бетЖаңалықтарАлматыда 21 сәуірден бастап жылу желісі екі апталық сынақтан өтеді (кесте)

Алматыда 21 сәуірден бастап жылу желісі екі апталық сынақтан өтеді (кесте)

21 сәурден бастап, 6 мамырға дейін Алматынның барлық ауданында жылу желісіне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы Алматы жылу жүйесі хабарлап отыр.

Бұл күндері күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін, магистральдік және таратқыш құбырларды тексеру жүріп жатқан кезде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына барынша ұқыпты болуды, қарапайым сақтық ережелерін сақтауды ұсынамыз! — делінген хабарламада.

Жұмыс кезінде барлық қауіпсіздік шарасы сақталса да, жергілікті техникалық ауытқу болуы мүмкін: мысалы, ылғалдануы немесе жабынның зақымдануы. Мұндай жағдайда сабыр сақтап, өзіңіз жөндемей, дереу «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не мына нөмірлер арқылы хабарласу керек: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), колл-орталық: 341-07-00 / 341-07-77 (ішкі нөмірі 1011 немесе 1014), бірыңғай нөмір — 109.

Жылу желісіне сынақ жүргізу кестесі:

21 сәуір

Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек – Бродский — Рысқұлов – Сейфуллин;

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Онғарсынова.

21 сәуірден бастап 8 мамырға дейін 

Бостандық ауданы: Асқаров –Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын – Әл-Фараби – Қазақфильм шағын ауданы — Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбакиев – Жароков – Алмагүл шағын ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М. Ганди – Назарбаев.

21 және 22 сәуір

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Желтоқсан – Мәметова – Абылай хан.

22 сәуір

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.

22 және 23 сәуір

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов;

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Сейфуллин — Тобаяқов – Назарбаев –Мәметова – Уәлиханов – Әйтеке би.

23 сәуір

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов;

Жетісу ауданы: Айнабұлак-1, 2, 3, 4 шағын аудандары,  Ангарская – Мақатаев – Палладин – Павлодарская көшелерінің контурындағы Көкмайса шағын ауданы;

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Н. Данченко;

Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек;

Әуезов және Алмалы аудандары: Қарасай батыр — Райымбек — Яссауи – Емцов.

23 сәуірден 25 сәуірге дейін

Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлов – Сейфуллин – Солтүстік айналым – Бурундайская;

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин – Рысқұлова –Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.

24 сәуір

Наурызбай ауданы: Базарбай Жұманиязов – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш;

Жетісу ауданы: Құлагер шағын ауданы Серіков – Ратушный көшелерімен, Рысқұлов — Жансүгіров – Тихов – Глазунов көшелерінің контурында;

Бостандық ауданы: Лисянский – Розыбакиев – Жароков – Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағын ауданы;

Орбита-1, 2, 3, 4 шағын аудандары– Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков–  Басенов;

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина – Достық – Меңдіқұлов – Әл-Фараби – Жолдасбеков – Достық – Байжанов – ІІМ шипажайы

24 және 25 сәуір

Әуезов, Наурызбай және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтпаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.

25 сәуір

Алатау ауданы: Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі шағын ауданы;

Алмалы ауданы: Қарасай батыр – Ислам Кәрімов – Райымбек – Масанчи.

28 сәуір

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шагабутдинов – Розыбакиев;

Алатау ауданы: Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК оңтүстік жағы.

28 сәуірден 6 мамырға дейін

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтпаев – Чайковский;

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.

29 және 30 сәуір

Әуезов және Алмалы аудандары: Қуанышбаев – Рысқұлбеков – Сайын – Үлкен Алматы өзені;

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би – Назарбаев – Шевченко –– Желтоқсан – Сәтпаев – Сейфуллин – Абай – Досмұхамедов.

30 сәуір

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.

5 мамыр

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбакиев – Байзақов.

5 және 6 мамыр

Әуезов ауданы: Ұлыкбек – Жандосов – Сайын – Сәдуақасов;

Бұл уақытта ыстық су ағып тұрады.

Гидравликалық сынақ қаланың жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желісін, олардың жабдығын тексеру және құбырлардың күрделі аймағын айқындау үшін жүргізіледі.