Басты бетЖаңалықтарКинологтар одағы: қазақы тазының мойындалғаны - Қазақстанның мұрасы мойындалғаны

Кинологтар одағы: қазақы тазының мойындалғаны — Қазақстанның мұрасы мойындалғаны

Өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы қазақы тазының халықаралық деңгейде тіркелгенін айтып өткен еді. Бұл кинологтар қауымы үшін аса маңызды кезең – 2022 жылдан бері кинологтар одағы осы бағытта белсенді жұмыс істеп келеді. 

Сол уақыттан бері ұлттық және халықаралық деңгейде ауқымды жұмыстар атқарылған:

  • Қазақстан халықаралық кинология федерациясының (FCI) толық мүшесі болды;
  • Женевадағы дүниежүзілік көрмеде қазақы тазы алғаш рет таныстырылд;
  • 2024 жылғы қыркүйекте FCI бұл тұқымға алдын ала халықаралық мойындау мәртебесін берген.

Бұл жай ғана техникалық процесс емес, бұл — ғасырлар бойы қазақ халқының сенімді серігі болған ерекше тазы тұқымының әлемдік деңгейде ресми мойындалуы.

Алайда әлі де маңызды жұмыстар атқарылуға тиіс. FCI ережесі бойынша, қазақы тазы 10 жылдан кейін ғана толық мойындалуы мүмкін.

Біз қазір тарихи кезеңде тұрмыз. Қазақы тазының мойындалуы тек кинологиялық жетістік емес, ұлттық бірегейлікті нығайту қадамы. Қазақ үшін тазы жай ғана ит емес, тек ерекше тұқым да емес. Ол – тарихымыздың, мәдениетіміздің, өмір салтымыздың бір бөлігі. Ежелден бері тазы көшпенділердің сенімді серігі болды, жылдамдықты, шыдамдылықты, аңшылық шеберлікті және адалдықты бейнеледі. Қазақы тазы – бұл ұлттық сәйкестіктің тірі символы, қазақ халқының өмір салтының көрінісі, мұнда аңшылық тек азық табу әдісі ғана емес, сонымен қатар дәстүрдің ажырамас бөлігі, тапқырлық пен ептіліктің, табиғатқа деген терең құрметтің көрінісі болды. Бұл тұқым ғасырлар бойғы селекция, ата-баба білімі және қазақ даласымен ерекше байланыс негізінде қалыптасты, — делінген Кинологтар одағы таратқан хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да