Астанада жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Бұл туралы қалалық полциия департаменті хабарлап отыр.
Полиция мәліметінше, автобус Ұлы Дала даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Екі жолаушы медициналық мекемеге тексеріп, қажет көмек алу үшін жеткізілді, – делінген хабарламада.
Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, рөлде мұқият болуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жылдамдық режимін қатаң ұстануға шақырады.