Басты бет / Қоғам /
ba572faa1106a520a456faf461f7019e Ерболат Досаев Бейжің қалалық жоспарлау орталығының қызметімен танысты
Фото: Алматы әкімдігі

Ерболат Досаев Бейжің қалалық жоспарлау орталығының қызметімен танысты

Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Бейжің қалалық жоспарлау орталығына — қазіргі заманғы қала құрылысы және қаланы дамыту қағидаттарын көрсететін бірегей мекемеге барды.

Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ерболат Досаев экология, қала құрылысы мәселелерімен, Бейжіңнің 2016-2035 жылдарға арналған бас жоспарының қалалық аумақтарды игеруге және оларды бірыңғай агломерацияға интеграциялауға жүйелі көзқарасты көрсететін негізгі аспектілерімен танысты.

Досаев
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Алматы және Бейжің қалаларын дамытудағы жаңа тәсілдердің полиорталықтық даму бөлігіндегі ұқсастығын атап өтті. Қытай астанасында полиорталықтар New Town деп аталады. Мұндай тәсілдер ыңғайлы тұруды, инфрақұрылымды теңгерімді дамытуды және экологиялық тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз ете отырып, жүктемені орталық, аудандар және агломерация арасында бөлуге мүмкіндік береді.

Бейжіңдегі қала құрылысы орталығы жай ғана көрме емес, бұл жаһандық үдерістерге сай қаланың қалай дамитыны туралы жанды көрініс. Біз қаламыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, үздік тәжірибелер мен идеяларды Алматыда қолдануға мүдделіміз, — деді Ерболат Досаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok