12 мамыр күні ата-аналардың мектеп тарихындағы ең үлкен жиналысы өтеді

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев республикалық ата-аналар жиналысын осы айда өткізетінін айтты.

«Осы сәтті пайдалана отырып, министрліктің 12-ші мамырда ата-аналардың республикалық жиналысын өкізуді жоспарлап отырғанын айтқым келіп оты», — дейді Ерлан Сағадиев.

Министр ата-аналардың жиналысқа қатысу деңгейі өте төмен екеніне қапалы. Оның айтуынша, адамдардың тек 10 пайызы ғана мектеп жиналысына қатысады.

«Енді, мамырдың он екісі күні, барлық мемлекеттік органдар мен мекеме басшыларына ата-аналарды жиналысқа уақытында жіберуге Үкімет тарапынан тапсырма беруді сұраймыз»,- дейді министр.

Бұл жиналыста мектептердің қамқоршылық кеңесін сайлау мен білім саласының өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған.

ДереккөзInform.kz