Басты бетЖаңалықтар"Дикий Арманға" сот үкімі шықты

«Дикий Арманға» сот үкімі шықты

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты.

Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған.

Оған түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынып отыр.

Сонымен қатар ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.

Айта кетейік, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.

2023 жылғы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында оған қатысты сот процесі басталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ