Дикий Арманға қатысты сот жабық режимге ауыстырылды

Алматыда Дикий Арман мен басқа да айыпталғандардың ісі тыңдалып болды.

Оларға билікті немесе лауазымын асыра қолданғаны (ҚК-нің 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны, оған басшылық жасағаны және оған қатысқаны (ҚК-нің 262-бабы), тонағаны (ҚК-нің 191-бабы), заңсыз бас бостандығынан айырғаны (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны (272-бап ҚК), бандитизмге (ҚК 268-бабы) үшін айып тағылды.

Сот отырысында процеске қатысып жатқандардан 100-ден аса өтініш түскен. Олар соттың жабық түрде өтуін сұраған.

10 жәбірленуші, бір куәгер және іс бойынша бір сотталушы сот процесінің жабық режимде өтуін өтінді. Олар өздерінің өмірі мен отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігі үшін алаңдап отыр. Сот өтінішті қанағаттандырды. Негізгі сот талқылауы 6 қазанға белгіленді, — делінген соттың баспасөз қызметі хабарламасында.