ҚР Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шаруаларға жылдық 6-6,7 пайыз тиімді сыйақы мөлшерлемесімен несие беруді бастады.
Ол төмендегі көрсетілген бағыттар бойынша беріледі:
1) Ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін дайындау және өткізу кооперативтеріне -50,0 миллион теңгеге дейін;
2) АӨК басқа да бағыттары бойынша 18 миллион теңгеге дейін;
3) Модульдік жабдықтар алуға арналған кепілсіз кредиттеу;
4) Ауылшаруашылығы малы мен құс өсірушілерге арналған «Игілік» бағдарламасы;
5) Отбасылық бордақылау алаңдары бойынша «Береке» бағдарламасы;
6) Отбасылық сүт тауарлы фермаларына «Ырыс» бағдарламасы .
Толығырақ мәлімет алу үшін call-орталыққа 8 800 080 80 10 хабарласуға болады. Қоңырау соғу тегін.