Кооперативке кірген шаруаларға қандай жеңілдіктер бар?

ҚР Үкіметі  2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шаруаларға жылдық 6-6,7 пайыз тиімді сыйақы мөлшерлемесімен несие беруді бастады.

Ол төмендегі көрсетілген бағыттар бойынша беріледі:

1) Ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін дайындау және өткізу кооперативтеріне -50,0 миллион теңгеге дейін;

2) АӨК басқа да бағыттары бойынша 18 миллион теңгеге дейін;

3) Модульдік жабдықтар алуға арналған кепілсіз кредиттеу;

4) Ауылшаруашылығы малы мен құс өсірушілерге арналған «Игілік» бағдарламасы;

5) Отбасылық бордақылау алаңдары бойынша «Береке» бағдарламасы;

6) Отбасылық сүт тауарлы фермаларына «Ырыс» бағдарламасы .

Толығырақ мәлімет алу үшін call-орталыққа 8 800 080 80 10 хабарласуға болады. Қоңырау соғу тегін.

Дереккөзfermers.kz