26 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Екпінді жел соғады. Қиыр солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрып, желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с болса, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Ақмола, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі бар.

ДереккөзBaq.kz