Атырауда екі метрден асатын балық ауға түсті (Видео)

«Бұл — Ақсеркенің уылдырық шашатын ұрғашысы. Салмағы — 160 келі, ұзындығы екі метрден асады. Қазір ол біздің зауыттағы цехтардың бірінде. Оның уылдырығын өндіруге аламыз деп отырмыз», — дейді «Орал-Атырау бекіре балық зауытының» директоры Гильман Сәрсемәлиев.

Кәсіпорынның бас инженері Болат Мұхатжиевтің айтуы бойынша, өткен жылы мұндай ірі балық болмаған. Бұл балықтың денесіне еш жарақат түспеген. Мамандар ұсталған балықтан 30 келіге жуық уылдырық аламыз деген ойда.

Ақсерке — тұщы суды мекендейтін жер бетіндегі ең ірі балықтардың бірі. Бұл балықтың кейбірінің ұзындығы 4,2 метрге, ал салмағы бір тоннаға дейін жетеді. Қазір бұл балық түрі сиреп кеткен.

ДереккөзTengrinews.kz