2024 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,049 триллион теңгеге 76 106 қарыз берілді.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қалалар арасында ипотека бойынша көшбасшылар:
- Астана – 440,6 миллиард теңгеге (919,3 млн доллар) 27 728 несие;
- Алматы – 245,6 миллиард теңгеге (512,4 млн доллар) 15 630 несие;
- Шымкент – 71,4 миллиард теңгеге (148,9 млн доллар) 5 636 несие.
Еске салайық, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттары қандай:
- мөлшерлемесі — 7%;
- бастапқы жарна – қамтамасыз ету құнының 20%-нен;
- несиенің максималды сомасы кепіл құнының 80%-і;
- кепіл – сатып алынған тұрғын үй;
- несие мерзімі – 25 жылға дейін.